|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 176-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне: 1) бүкіл мәтін бойынша «сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)», «сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар)», «сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға)», «сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда)», «сауда-саттықты (конкурсты, аукционды)», «сауда-саттық (конкурстар, аукциондар)», «Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар)», «сауда-саттықтардың (конкурстардың, аукциондардың)» деген сөздер тиісінше «сауда-саттықты (аукциондарды)», «сауда-саттығын (аукциондарын)», «сауда-саттыққа (аукциондарға)», «сауда-саттықта (аукциондарда)», «сауда-саттықты (аукционды)», «сауда-саттық (аукциондар)», «Сауда-саттық (аукциондар)», «сауда-саттықтың (аукциондардың)» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 12-бапта: 8-1) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жерге орналастыру жобасының құрамы мен мазмұны осы Кодекске сәйкес қабылданған нормативтік-құқықтық актілер негізінде белгіленеді;»; 13-1) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын: «36-1) орталық уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) - жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын, орталық уәкілетті орган ведомствосының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшелері;»; 3) 14-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «14-бап. Орталық уәкілетті органның, орталық уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті»; 1-тармақта: 3) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4), 4-5), 4-6), 4-7), 4-8), 4-9), 4-10), 4-11), 4-12), 4-13), 4-14) және 12-1) тармақшалармен толықтырылсын: «4-1) әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаларды жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 4-2) жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 4-3) шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 4-4) Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1000 - 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту; 4-5) жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту; 4-6) жерге мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту; 4-7) электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту; 4-8) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуді ұйымдастыру; 4-9) цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау кезіндегі фотограмметриялық жұмыстар жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту; 4-10) жерге орналастыру, жерді мемлекеттік есепке алу және жер кадастры мақсаттары үшін 1:10 000, 1:25 000 және 1:50 000 масштабтарында цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау үшін аэрофотосуреттер шифрын ашу жөніндегі әдістеме мен шартты белгілерді әзірлеу және бекіту; 4-11) электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту; 4-12) топырақты бонитирлеуді жүргізу әдістемесін әзірлеу және бекіту; 4-13) электрондық геоботаникалық карталар жасау жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту; 4-14) жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; «12-1) жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;»; 14) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын: «3. Орталық уәкілетті органның ведомствосы өз қызметін орталық уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады. 4. Аумақтық бөлімшенің құзыретіне: 1) жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 2) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 3) орындау үшін міндетті, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар немесе нұсқаулар беру; 4) осы Кодекстің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеу үшін Мемлекеттік корпорацияға Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама және оны тоқтату туралы хабарлама жіберу; 5) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау; 6) осы Кодекстің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру; 7) мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін анықтау және алып қою; 8) егер құрылыс, пайдалы қазба кен орындарын әзірлеу, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру; 9) орталық уәкілетті органға осы Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат беру жатады.»; 4) 14-1-бапта: 3-тармақ мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын: «16-1) осы Кодекстің 33-бабы 1-тармағы алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу;»; 4-тармақ алып тасталсын; 5) 17-баптың 2-1), 2-2) және 8-3) тармақшалары алып тасталсын; 6) 18-баптың 2-2), 2-3) және 8-3) тармақшалары алып тасталсын; 7) 19-баптың 4-1) тармақшасы, 5) тармақшасындағы «жариялау;» деген сөз «жариялау жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын; 8) 23-баптың 4-тармағының төртінші бөлігіндегі «(акционерлері)» деген сөз «(акционерлері, мүшелері)» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 24-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын: «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке және жер пайдалану құқығымен беруге жол берілмейді. Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен неке қиған (ерлі-зайыпты болған) кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығы осы Кодекстің 66-бабының нормаларына сәйкес иеліктен шығарылуға жатады.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық аймағы шегінде орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уақытша жер пайдалану құқығымен беріледі.»; мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: «7. Осы баптың 1-тармағының нормалары орман өсіру мақсаттары үшін берілген (берілетін) жер учаскелеріне қатысты да қолданылады.»; 10) 26-баптың 3-тармағында: екінші абзацтағы «жайылымдық және» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 7-1) тармақшасында көрсетілген жайылым алқаптары жеке меншікке және жер пайдалануға берілмейді және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажына ғана пайдаланылады.»; 11) 33-бапта: 1-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердегі жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған кезде талап етілмейді. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердегі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару жер пайдалану құқығы берілген кезден бастап бес жыл жалға алу мерзімі өткеннен кейін азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердегі жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруды жасаған жер пайдаланушы азаматтық-құқықтық мәміле жасалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жер учаскесі орналасқан жердегі ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органын хабардар етуге міндетті. Хабарлама тиісті азаматтық-құқықтық мәміленің нөмірі мен күні көрсетіле отырып, жазбаша нысанда жіберіледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердегі жер пайдалану құқығы иеліктен шығарылған кезде уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жаңа жер пайдаланушыға орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бастапқы жалға алу мерзімі өткенге дейінгі мерзімге қайта ресімдейді. Жер пайдаланушы ауысқан кезде жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шарты талаптарының өзгерістері тіркелген кезден бастап туындайды. Көрсетілген жағдайларда жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына ие болған жер пайдаланушы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шарты бойынша жалға берушінің алдында жауапты болады. Бұл ретте шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы азаматының, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уақытша өтеулі жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жалпы жиынтық мөлшері осы Кодекстің 50-бабының 4-тармағына сәйкес белгіленген жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерінен аспауға тиіс. Көрсетілген мөлшерден асып кеткен жағдайда, уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы осы Кодекстің 66-бабының нормаларына сәйкес қайта ресімделуге немесе иеліктен шығарылуға жатады;»; 2-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын; 12) 37-бапта: 3-тармақтың бірінші бөлігінде: «осы баптың 5-тармағында аталғандардан басқа» деген сөздер «осы баптың 5-тармағының 3) - 7) тармақшаларында аталғандардан басқа» деген сөздермен ауыстырылсын; «(немесе олардың бір бөлігін)» деген сөздерден кейін «, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақ 5) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына және мемлекеттік емес заңды тұлғаларына он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге беріледі.» деген сөздер «- Қазақстан Республикасының азаматтарына және мемлекеттік емес заңды тұлғаларына он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын: «6) орман өсіру мақсаттары үшін - Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге; 7) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда беріледі.»; 13) 43-бапта: 1-1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Жергілікті атқарушы органдар бос жер учаскелері мен жоспарланып отырған сауда-саттық (аукциондар) жөніндегі ақпаратты мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында, өздерінің интернет-ресурстарында және халыққа қолжетімді жерлердегі арнаулы ақпараттық стендтерде деректерді тоқсан сайын жаңартып отыру кезеңділігімен орналастыруға міндетті.»; 2-тармақта: төртінші бөліктегі «қорытындысы шығарылған күннен бастап» деген сөздер «хаттамалық шешіміне шағым жасау мерзімі өткеннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын; жиырма бірінші - жиырма үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «Жер комиссиясы қорытындысының бір данасы қол қойылған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге (оның өкіліне) мынадай тәсілдердің бірімен: қолма-қол; табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында; электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжатпен; өтініш берушінің электрондық пошта мекенжайы бойынша табыс етіледі (жіберіледі). Өтініш беруші жер комиссиясының хаттамалық шешіміне оны алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен сотқа шағым жасай алады. Өтініш беруші жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде жерге орналастыру жобасын дайындайды.»; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Жер комиссиясының жұмыс органы жер комиссиясының хаттамалық шешімдерін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті уәкілетті органының интернет-ресурсында ай сайын орналастыруға міндетті. Осы тармақтың ережелері осы бапта және осы Кодекстің 44 және 45-баптарында көзделген тәртіппен берілетін жер учаскелеріне қолданылады.»; 6-1-тармақта: «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскелерін қоспағанда, жер» деген сөздер «Жер» деген сөзбен ауыстырылсын; «сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда)», «сауда-саттықты (конкурсты, аукционды)» деген сөздер тиісінше «сауда-саттықта (аукциондарда) және конкурстарда», «сауда-саттықты (аукционды) және конкурсты» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 7-1 және 11-1-тармақтармен толықтырылсын: «7-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасында: жер учаскесіне құқық берілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) немесе заңды тұлғаның атауы; жер учаскесінің нысаналы мақсаты; жер санаты; жер учаскесінің алаңы; жерге құқық түрі, ауыртпалықтар, сервитуттар; жер комиссиясы хаттамалық шешімінің нөмірі мен күні; жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларының нөмірі мен бекітілген күні; жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін жер учаскесі телімінің түрі; жер учаскесі төлемақыға берілетін жағдайда жер учаскесін немесе жер пайдалану құқығын сатып алу бағасы; жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалға алу шарттарын жасасу мерзімдері; жер учаскелерінің сәйкестендіру сипаттамалары көрсетіле отырып, осындай жер учаскелерін алып қою, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүргізілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) немесе заңды тұлғаның атауы; жер учаскесінің бөлінетіндігі (бөлінбейтіндігі) туралы мәліметтер; жер учаскесін берумен байланысты өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.»; «11-1. Мемлекеттік органдардың шешімімен елді мекендердің әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгерген кезде немесе шекаралары (шектері) өзгерген жағдайда жер учаскелері елді мекендер шегіне қосылған кезде жер учаскелерінің сәйкестендіру құжаттарын ауыстыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Мұндай құжаттарды ауыстыру жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеу жағдайлары туындаған не азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалған кезде немесе өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.»; 14-тармақта: бірінші бөліктегі «жалға алу мерзімін» деген сөздер «жалға алу мерзімін, ал шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірін де» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген деректер мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің интернет-ресурсында ашық қолжетімділікте орналастырылады.»; 14) 43-1-бапта: 2-тармақтың бірінші бөлігі «уәкілетті органы» деген сөздерден кейін «осындай жер учаскелерін беруге бұрын келіп түскен өтінімдерді ескере отырып» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімдерімен айқындалады. Бұл ретте көрсетілген мөлшерлер осы Кодекстің 50-бабының 4-тармағына сәйкес белгіленген жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерінен аспауға тиіс.»; 14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жер учаскесін алу кезінде олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша балл беру түрінде артықшылық беріледі.»; 15) 44-баптың 6-1-тармағындағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскелерін қоспағанда, жер» деген сөздер «Жер» деген сөзбен ауыстырылсын; 16) 44-1-баптың 4-1-тармағындағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскелерін қоспағанда, жер» деген сөздер «Жер» деген сөзбен ауыстырылсын; 17) 45-баптың 3-тармағындағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскелерін қоспағанда, жер» деген сөздер «Жер» деген сөзбен ауыстырылсын; 18) 48-бапта: 1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын; 3-тармақтың бесінші абзацындағы «сауда-саттыққа» деген сөздер «сауда-саттыққа (аукционға)» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы «сауда-саттық нысанасының» деген сөздер «сауда-саттық (аукцион) нысанасының» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-1-тармақтағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскелерін қоспағанда, жер» деген сөздер «Жер» деген сөзбен ауыстырылсын; 7-тармақтың бірінші сөйлемі «, бұл облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті уәкілетті органының интернет-ресурсында ай сайын орналастырылады» деген сөздермен толықтырылсын; 19) 64-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы «, сондай-ақ осы Кодекстің 33-бабы 1-тармағы алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген тәртіппен және шарттарда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердегі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару» деген сөздермен толықтырылсын; 20) 66-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар осы Кодекстің талаптарын бұза отырып жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелер жарамсыз болады.»; 21) 84-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4-1) «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 7-1) тармақшасында көрсетілген жайылым алқаптарына халық мұқтажын қанағаттандыру;»; 22) 92-бапта: 3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген, жер учаскесі мақсаты бойынша пайдаланылмаған кезеңге: белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылысы құжаттамасы (бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобалары, аумақтың жер-шаруашылық орналастыру жобалары), сондай-ақ инженерлік желілерге қосылу мүмкіндігі болмаған; жер учаскесі еңсерілмейтін күш немесе осындай пайдалануды болғызбайтын өзге де мән-жайлар салдарынан мақсаты бойынша пайдаланыла алмаған уақыт кірмейді. Жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалануды болғызбайтын өзге де мән-жайларға белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылысы құжаттамасын (бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобалары, аумақтың жер-шаруашылық орналастыру жобалары) өзгерту, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының меншік иелері мен жер пайдаланушылардың сәулет-жоспарлау тапсырмаларын алуға арналған өтінімдерін қараудағы және табиғи монополиялар субъектілері лауазымды адамдарының меншік иелері мен жер пайдаланушылардың инженерлік желілерге қосуға техникалық шарттарды және объектілерді салу кезінде көзделген өзге де келісу рәсімдерін алуға арналған өтінімдерін қараудағы әрекетсіздігі (егер мұндай әрекетсіздік сотта дәлелденсе) жатады.»; мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын: «3-2. Осы баптың 3-тармағында көзделген, жер учаскесі мақсаты бойынша пайдаланылмаған кезеңге жер учаскесін еңсерілмейтін күш салдарынан мақсаты бойынша пайдаланыла алмаған уақыт кірмейді.»; 23) 93-баптың 4-тармағындағы «анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы» деген сөздер «Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы» деген сөздермен ауыстырылсын; 24) 94-баптың 2-тармағында: бірінші бөліктегі «жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану үшін жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға берілген» деген сөздер «жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға берілген Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктегі «Жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші бөліктегі «Нұсқама» деген сөз «Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың» деген сөздермен ауыстырылсын; 25) 96-1-бапта: 1-тармақтағы «жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы орган, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы» деген сөздер «аумақтық бөлімше» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацында: «Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы орган, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы» деген сөздер «Аумақтық бөлімше» деген сөздермен ауыстырылсын; орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 26) 97-бапта: 3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Шаруа немесе фермер қожалығын және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскелерінде ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілер салынған кезде және шаруашылық жүргізуші субъектінің ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кезде мұндай жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту талап етілмейді.»; 3-2-тармақ «жеке қосалқы шаруашылық жүргізу» деген сөздерден кейін «, бақ шаруашылығы және саяжай құрылысы» деген сөздермен толықтырылсын; 27) 102-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін жер учаскесі телімінің түрі кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінде және жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжатында көрсетіледі.»; 28) 145-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды орталық уәкілетті орган, аумақтық бөлімшелер және өзге де мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.»; 5-тармақ алып тасталсын; 6-тармақтағы «және аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің» деген сөздер алып тасталсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушылықтардың iс жүзiнде жойылуына, сондай-ақ жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нұсқаулары мен Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларын жер учаскелерiнің меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың орындауына бақылауды жүзеге асырады.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |