Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 72-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын. 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 192 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 72-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау тәртібін айқындайды. 2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікте қамтылған ақпарат пен есептеулердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|