ҚР Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Бас Прокурорының 2016.29.02. № 37 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.09.03. № 23 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.24.12. № 152 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына 1-қосымша
«Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары көрсетеді (бұдан әрі - қызмет көрсетуші). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау және нәтижелерін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі: 1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға өткізген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінгенде - 10 (он) минут; қосымша тексеру болған жағдайда - 5 (бес) жұмыс күні; шетелге шыққан жағдайда - 5 (бес) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын өткізу үшін күтуге ең көп рұқсат етілетін уақыт - 15 (он бес) минут; 3) ең көп рұқсат етілетін қызмет көрсету мерзімі - 15 (он бес) минут; Құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне кірмейді. 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толықтай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|