Қазақстан Республикасының халқында SARS CoV-2 коронавирустық инфекция вирусына популяциялық (инфекциядан кейін және вакцинациядан кейін) иммунитетті бағалау бойынша зерттеу жүргізу туралы
COVID-19 пандемиясы жағдайында Қазақстан Республикасының халқы арасында SARS CoV-2 вирусына популяциялық иммунитетті зерделеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жұртшылықпен байланыс департаменті, «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік), Министрліктің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі - СЭБК), «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК) сайттарында және Бұқаралық ақпарат құралдарында (тексеру басталғанға дейін 2-3 күн бұрын) Қазақстан Республикасының халқында SARS CoV-2 коронавирустық инфекциясының вирусына популяциялық иммунитетті бағалау бойынша зерттеу жүргізудің басталуы туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етсін. 2. ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны: 1) № 1 қосымшаға сәйкес бөлінген квотаға сәйкес және сынама пункттері бойынша «Қазақстан Республикасының халқында SARS CoV-2 вирусына популяциялық иммунитетті бағалау» зерттеуін ұйымдастыруды және жүргізуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|