Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 мамырда № 18657 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» АЖ 2019 жылғы 21 мамырда жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Осы бұйрықпен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларында: 2-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады: 1) жауап парағы - түсуші тест тапсырмаларының жауаптарын белгілейтін кешенді тестілеу нәтижелерін бағалауға арналған арнайы бланк; 2) жауап парақтарының көшірмесі - тестілеу нәтижелерін бағалауға арналған құжат болып табылмайтын кешенді тестілеуден кейін балдарды өз бетінше санауға арналған бланк; 3) желілік ЖОО-лар - кешенді тестілеуге құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО-лар; 4) желілік ЖОО-лардың қабылдау комиссиясы - кешенді тестілеуге түсушілерден құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО жанындағы комиссия; 5) кешенді тестілеу - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны; 6) нұсқаларды тарату парағы - кітапша нұсқасының аудиториядағы белгілі бір орын нөміріне бекітілгендігі туралы ақпаратты қамтитын парақ; 7) отырғызу парағы - түсушілерді аудиториядағы орындар бойынша бөлу парағы; 8) кешенді тестілеу өткізу пункттері (бұдан әрі - КТӨП) - КТ өткізуді жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖОО); 9) КТӨП қабылдау комиссиясы - КТ өткізуді жүзеге асыратын ЖОО жанындағы комиссия; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|