«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 439-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 68 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ: 1. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 439-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 68 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23431 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: бірлескен бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»; көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|