Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелері (2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Арнайы полиция» (шаруашылық жүргізу құқығында) және «Ақпараттық-өндірістік орталық» (шаруашылық жүргізу құқығында) республикалық мемлекеттік кәсіпорындары құрылсын. ҚР Үкіметінің 2013.01.08. № 759 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметінің негізгі мәні: 1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін дайындау; 2) құжаттарды дайындау жүйесінің ықпалдастырылған деректер банкін жинақтау және жүргізу; 3) көші-қон процестерін есепке алу бойынша жұмыстарды автоматтандыру; 4) ішкі істер органдары үшін бағдарламалық-техникалық өнімдерді (компьютерлік бағдарламаларды, жабдықтарды, байланыс құралдарын, ақпараттық жүйелерді) әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу жөніндегі қызмет болып табылады. 2. Мыналар: 1) «Сақшы-На страже» апталық республикалық газеттерінің біріккен редакциясы» мекемесі; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік күзет қызметі департаменті шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар; 2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Қазақстан санаторийі» мемлекеттік мекемесі (Алматы қаласы); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Арман» санаторийі» мекемесі (Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Көктерек поселкесі); «Жеке батыр» санаторийі» мекесі (Солтүстік Қазақстан облысы Шучье ауданының Шучье қаласы) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. ҚР Үкіметінің 2013.01.08. № 759 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі осы қаулыға сәйкес құрылатын және қайта ұйымдастырылатын кәсіпорындарға (бұдан әрі - кәсіпорындар) қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» заң күші бар Жарлығының 18-бабының талаптарын ескере отырып, Кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін және оларды тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) Кәсіпорындардың жарғылық капиталдарын қалыптастырсын; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын. 5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|