|
Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы (2025.16.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 58-бабының 2-тармағына, 73-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстардың жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|