«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 861 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі туралы ереженің 2-тармағына, 19-тармағы 5) және 6) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі және Комитет интернет-ресурстарында орналастыруды; 3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|