«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Объектілердің аумағында білім беру процесімен функционалдық байланысы жоқ ғимараттарды, құрылыстар мен құрылысжайлар орналастыруға жол берілмейді.»; 34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «34. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі болмаған кезде су жылытқыштар орнатылады. Ыстық және салқын су барлық ванналарға, себезгілерге, кір жуатын орындарға, қолжуғыштарға, оның ішінде санитариялық тораптарға, түстену залдарына, тұратын орындарға, медициналық мақсаттағы үй-жайларға, сондай-ақ ас блогындағы араластырғыштар орнатылған технологиялық жабдыққа жүргізіледі. Сумен жылыту жүйесіндегі ыстық суды технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттар үшін пайдалануға жол берілмейді.»; 38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «38. Кәріз жүргізілмеген жерлерде жылы санитариялық тораптар (75 адамға 1) және су құйылатын қолжуғыштар (30 адамға 1) орнатылады. Жылы санитариялық тораптардың жерүсті үй-жайлары және су өткізбейтін материалдан жасалған қазылған шұңқыры болады. Жылы санитариялық тораптарды жинау күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі. Қазылған шұңқыр уақтылы тазаланады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|