Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы (жария сервитут)
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16 және 69-баптарына сәйкес, «Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу кұкығындағы «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының 2024 жылғы 5 каңтардағы № 23-15/15 хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. № 1, № 2 станцияның базалық кұрылыс алаңдарының айналма жолдарын ұйымдастыру үшін Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу кұқығындағы «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының мүддесінде осы қаулының қосымшасына сәйкес меншік иелерінен (жер пайдаланушылардан) жер учаскелерін алып қоюсыз, Алматы қаласы. Наурызбай ауданында орналасқан жалпы ауданы 1,9275 га жер учаскелеріне 2027 жылдың соңына дейінгі құрылыс кезеңіне шектеулі пайдалану (жария сервитут) құқығы белгіленсін. 2. Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу кұқығындағы «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жер учаскелерінің меншік иелерін (жер пайдаланушыларды) иіектеулі пайдалану құқығының (жария сервитут) белгіленгені туралы және аталған жер учаскелерінде құрылыс жұмыстарын бастау мерзімдері туралы хабардар етсін. 3. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: 1) осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін. 2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|