«Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу жөніндегі пилоттық жобаны енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 926 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 379 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу бойынша пилоттық жобаны енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 926 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу жөніндегі пилоттық жобаны енгізу үшін осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес республикалық денсаулық сақтау ұйымдары анықталсын»; көрсетілген бұйрық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 7. «Осы бұйрыққа 3-қосымшада көрсетілген республикалық денсаулық сақтау ұйымдары: 1) 2018 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде проблемаларды анықтау және медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшуді жетілдіру процестерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау үшін фокус-топқа енгізу үшін жауапты қызметкерлерді айқындасын; 2) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу жөніндегі пилоттық жобаны енгізуді қамтамасыз етсін; 3) республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында МАЖ-дың іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін; 4) МАЖ орналасқан серверлік жабдықтарды резервтеуді қамтамасыз етсін; 5) МАЖ-да қалыптастырылатын деректерді сақтаудың тұтастығын, қауіпсіздігін, құпиялылығын қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|