«Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9981 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері;»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібі»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) әкімдіктері: 1) жерге тиісті құқық беру туралы берілген шешімдер және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы қабылданған хабарламалар негізінде салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|