2024 жылғы 1 - 31 наурыз, 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізілетін электронды форматтағы ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 27 ақпандағы № 91 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 10 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) өткізу үшін ҰБТ өткізу пункттерінің (бұдан әрі - ҰБТӨП) тізбесі анықталсын. 2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары (келісім бойынша): 1) аудиториялармен (компьютерлік класпен) және техникалық жабдықтармен қамтамасыз етсін; 2) тестілеу барысын бақылау үшін аудиториялар мен аудиторияларға кіреберістерді бейнебақылау жүйесімен, тестілеуге тыйым салынған заттарды алып кіруді болдырмау үшін металл іздегіштермен, ұялы байланыс сигналдарын өшіретін құралдармен, фронтальды камералармен қамтамасыз етсін; 3) ұялы байланыс сигналдарын өшіретін құралдардың электромагниттік өрісін өлшеу жұмыстарының хаттамасын алуды ұйымдастырсын; 4) компьютерлермен және деректерді беру жылдамдығы 100 Мбит/с басталатын Интернет байланыс арналарымен қамтамасыз етсін; 5) деректерді беру жылдамдығы 1 Гбит/с қолдайтын құрылымдық кабельдік жүйені қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|