Осы редакция 2019 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына 5-қосымша
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2016.26.01. берілген өзгерістермен)
1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген. ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 2016.26.01. № 80 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік қызмет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі- Мемлекеттік корпорация); 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы аркалы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 2016.26.01. № 80 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 5 (бес) жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|