«ҚР төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - КВИ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: І. Елге кіретін орындардағы шектеу іс-шаралары 1. Тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі департаменті, аумақтық департаменттері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері: 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункттерінде барлық адамдарға (жолаушылар, тасымалдаушылар, экипаж мүшелері, бортсеріктер және басқалар) міндетті термометрия және сауалнама жүргізу арқылы санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді; 2) сауалнамаларды рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің веб қосымшасына бере отырып, оларды тану жүйесінің деректерін өңдеуді жүргізуді; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы аумақтық өткізу пункттеріндегі санитариялық-карантиндік пункттердің мамандарын тәулік бойы жұмыс режимін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарымен (респираторлар, қорғаныш көзілдіріктері, I-II типті қорғаныш (обаға қарсы) костюмдері немесе бір рет қолданылатын қорғаныш (обаға қарсы костюмдері) және дезинфекциялық құралдармен жабдықтауды; 4) тасымалдаушылар мен жолаушылар арасында КВИ-дың таралуының профилактикасы және алдын алу бойынша көліктік бақылау бекеттерінде санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді; 5) КВИ-дың таралуының алдын алу жөніндегі көрнекі үгіт парақтарын орналастыруды ұйымдастыруды, сондай-ақ КВИ-дың профилактикасы мәселелері бойынша дауысзорайтқыш байланысы арқылы жолаушыларды хабардар етуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|