|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 163 бұйрығына 8-қосымша
Кәсіптік стандарт: «Ғимараттар мен құрылыстар салу жөніндегі жұмыстар»
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы: «Ғимараттар мен құрылыстар салу жөніндегі жұмыстар» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктіліктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленіп, білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымдары қызметкерлері мен түлектерінің кәсіптік біліктілігін тануға және ұйымдарда персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттердің шешімдеріне қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады: 1) Ғимаратты немесе құрылысты пайдалану - техникалық құжаттаманың талаптарында белгіленген параметрлермен берілген функцияларды орындауға қабілетті конструкциялардың жай-күйін сақтау бойынша қажетті іс-шараларды жүргізе отырып, ғимаратты немесе құрылысты функционалдық мақсаты бойынша пайдалану. 2) Құрылыс - нәтижесінде құрылыс өнімдері немесе құрылыс материалдары мен бұйымдары болатын өндірістік қызмет түрі. 3) Құрылыс объектісі - әрбір жеке тұрған ғимарат немесе ғимарат (оған қатысты барлық жабдықтармен, құралдармен және мүкәммалмен, галереялармен, эстакадалармен, сумен жабдықтаудың, кәріздің, газ құбырларының, жылу құбырларының, электрмен жабдықтаудың, радиофикацияның ішкі инженерлік желілерімен, қосалқы және қосалқы аула құрылыстарымен, абаттандырумен және басқа да жұмыстармен және шығындармен), құрылысқа, реконструкциялауға, кеңейтуге немесе техникалық қайта жарақтандыруға белгіленген тәртіппен жоба мен смета әзірленіп, бекітілді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|