«Құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 27 қазандағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 27 қазандағы № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9916 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2015 жылғы 1 тамыздағы № 145 (28623) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынандай өзгерістер енгізілсін: бұйрыққа өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады; 1-тармақтың 13), 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «13) «Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағанына хабарлама туралы сауалнама» (коды 0462102, индексі Ғ-001, кезеңділігі жартыжылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|