«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 283-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 283-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33114 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 253) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 253) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын (бұдан әрі - грант) беру тәртібін айқындайды.»; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Ғылым» - жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;»; 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «4) «Бизнес» - жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған; 5) «Медиа» - жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;»; мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) Волонтерлік - өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|