«Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесін және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесін және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 118 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 17447 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларында: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Жоғары басшылық бос басшы лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемшарттары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 8780 болып тіркелген) (бұдан әрі - Біліктілік талаптары) сәйкес келуі, мінсіз атақ және қызметтік жұмысының нәтижелері болып табылады.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Жоғары тұрған басшы лауазымына конкурстық іріктеу кандидаттарды прокуратура органдары қызметкерлері лауазымдарының санаттарына қойылатын Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау, бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) зерделеу, полиграфологиялық зерттеуден өту, психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуіне тестілеу (бұдан әрі - компьютерлік тестілеу), әңгімелесу жүргізу арқылы жүзеге асырылады.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|