ҚР СТ ISO 17637-2019
(ISO 17637:2016(E) Non-destructive testing of welds - Visual testing of fusion-welded joints)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (Мемстандарт)
Нұр-Сұлтан
Мазмұны
4. Бақылау шарттары және техникалық құралдар А қосымшасы (анықтамалық). Бақылау жүргізуге арналған техникалық құралдардың мысалдары
Осы стандарт металл материалдардың дәнекерлеу қосылыстарына көзбен шолып бақылау жүргізуге қойылатын талаптарды анықтайды. Ол сондай-ақ дәнекерлеу үшін дайындалған элементтерді көзбен шолып бақылау кезінде қолданылуы мүмкін.
Осы стандартта нормативтік сілтемелер жоқ.
Осы стандартта терминдер мен анықтамалар қолданылмайды. Ескертпе - ISO және ІЕС мынадай адрестер бойынша стандарттауда пайдалану үшін терминологиялық деректер базасын қолдайды: - ІЕС Electropedia: http://www.electropedia.org/ мекенжайы бойынша қолжетімді - ISO интернет-іздеу платформасы http://www.iso.org/obp мекенжайы бойынша қолжетімді
4. Бақылау шарттары және техникалық құралдар
Беткі қабаттың ақ жарықпен минималды жарықтандырылуы 350 Лк құрауға тиіс; минималды жарықтандыру қараңғыланған көзілдірік (мысалы, қорғаныш көзілдірік) таққан кезде ұлғаяды. Көзбен шолып бақылау кезінде ұсынылатын жарық беру 500 Лк құрайды. Тікелей бақылау кезінде көзден бастап бақыланатын беткі қабатқа дейінгі қашықтық 600 мм артық болмауға және қарау бұрышы 30° кем құрамауға тиіс (1-суретті қараңыз). Егер 1-суретке сәйкес бақылауға арналған қолжетімділік мүмкін болмаса немесе егер қашықтықтан бақылау қолданылатын стандартта ұйғарылған болса, айналарды, перископтарды, оптикалық-талшықты кабельдерді немесе камераларды пайдалана отырып қашықтықтан бақылау мүмкіндігін ескеру керек. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|