«Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында: 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) тауар-көлік жүкқұжатын және жолдама парағын қолдану тәртібін;»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) автопоезд - жүк автомобилі мен тіркемеден (тіркемелі автопоезд), ершікті тартқыш пен жартылай тіркемеден (ершікті автопоезд) тұратын құрамалы автокөлік құралы; 2) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) - жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 3) ершікті тартқыш - жеке қозғалтқышпен жабдықталған және тек қана немесе көбіне тіркеме мен жартылай тіркемені тіркеп сүйреуге арналған автокөлік құралы; 4) жүк жөнелтуші - оның атынан жүк жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға; 5) жүк автокөлік құралы (бұдан әрі - автокөлік құралы) - жүк автомобильдерін, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ мамандандырылған автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) қамтитын жүк автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының бірлігі; 6) жүк автомобилі - автомобиль жолдарымен жүктерді тасымалдауға арналған механикалық жетекті автокөлік құралы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|