|
«Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13287 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларында: 1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында - жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеруді мониторингтеу мақсатында іріктеліп жүргізіледі.»; 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында көзделген жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады. 4. Қағидалар меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, түрлеріне қарамастан орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына таратылады.»; 6-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|