Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 107-1679 «Орта білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 107-2157 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңдарына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 107-1679 «Орта білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 962 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қарашадағы «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қаулының 4-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын. 2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін. 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|