«Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14095 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) - жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 2) ақпаратты көшіру - электрондық (цифрлық) тахографтың жадындағы немесе жүргізушінің карточкасындағы ақпараттың бәрін немесе бөлігін тасымалдаушының бағдарламалық-техникалық құралдарына көшіру; 3) апта - сағат 00.00-ден бастап уақыт кезеңі дүйсенбіде сағат 24.00-ге дейін жексенбіде; 4) апталық демалыс кезеңі - жүргізуші өз уақытын еркін өткізе алатын және қалыпты апталық демалыс кезеңін және қысқартылған апталық демалыс кезеңін қамтитын апталық кезең: қалыпты апталық демалыс кезеңі - кем дегенде 45 сағатқа созылатын кез-келген демалыс кезеңі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|