Осы редакция 2018 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына 2-қосымша
Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі -Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында ұялы байланыс қызметтерін, сондай-ақ олармен технологиялық жағынан байланысты қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды. Осы Қағидалардың қолданысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұялы байланыс қызметтерін және олармен технологиялық жағынан байланысты қызметтерді көрсететін барлық байланыс операторларына, осы қызметтердің абоненттеріне және (немесе) пайдаланушыларына қолданылады. ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.04.12. № 1162 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017.21.11. № 403 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) абонент - ұялы байланыс қызметтерін көрсету мақсатында абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөліне отырып, осындай қызметтерді көрсету үшін шарт жасасқан жеке және заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|