|
|
|
08.04.2021 Сотты құрметтемеу жауаптылығы заңда айқындалған
Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді қарау барысында сотты құрметтемеушілік азда болса орын алып жатады. Сотқа құрметтемеушілік таныту заңмен жазаланатынын естен шығармаған абзал. Сот талқылауына қатысушыларды, судьяны және алқабиді қорлаудан көрінген сотты құрметтемеушілік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 410-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Сотқа құрметтемеушілік таныту бойынша қылмыстық өндірісті жүргізу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 346-бабында белгіленген. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 9-тарауында сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары көзделген. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 120-бабында сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауапқа тарту тәртібі айқындалған. Қазақстан Республикасында сот билігі туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамыр №1 Нормативтік қаулысының 9 тармағында, Сотқа құрмет көрсетпеушіліктің, егер онда басқа арнаулы әкімшілік тәртіп бұзушылықтың немесе қылмыстың белгісі болмаса, кінәлі деп табылған адамдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын, осыған сәйкес сотқа немесе сот белгілеген тәртіпке көпе-көрінеу менсінбеушілік әрекеттеріне айғақ боларлық кез-келген әрекеттің (әрекетсіздіктің) сотқа құрмет көрсетпеушілік болып табылады делінген. Сотқа құрмет көрсетпеушілік, егер ол судьяның және (немесе) алқабидің қызметтік істерімен байланысты қорлаумен астасып жатса, ҚК-тің 410-бабы екінші бөлімі бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 33-тарауына сәйкес, мемлекеттік билік институтына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жауаптылықтар көзделген. Сотқа құрметтемеушілік танытқан тұлғалар 653-бапқа сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Аталған бап 2 бөліктен тұрады: 1. Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың істі одан әрі қарауы мүмкін болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрінген сотты құрметтемеушілік, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушілік туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) - ескерту жасауға не жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 805-бабына сәйкес Прокурор 653-бапта көзделген сотқа құрметтемеушілік танытқан құқық бұзушылықтарды байқаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қозғау жөнінде қаулы шығарады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 804-бабына сай, сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етуші уәкілеттік берген сот приставтары және соттардың басқа да қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқылы.
Ақмола облысы Жақсы аудандық сотының аға сот приставы Д.Б.Даулбаев
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |