Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидаларын бекіту туралы (2025.31.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2025.18.03. № 11-1-4/156 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2025.18.03. № 11-1-4/156 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 156) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2025.18.03. № 11-1-4/156 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Адам ресурстары департаменті: 1) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында осы бұйрықтың жариялануын; 3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|