Жер салығының мөлшерлемелері туралы
Осы редакция 2020 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) 509-бабының 5-тармағына, 510, 704-баптарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Кодекстің 503, 704-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын, соған сәйкес: 1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері; 2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері. 2. Автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан жер учаскелерінен басқа, Кодекстің 504, 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын, соған сәйкес: 1) жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер; 2) елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер; 3) елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер. 3. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|