| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі туралы
2020 жылғы 29 маусымда қабылданып 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі Кодекс) әртүрлі алаңдарда ұзақ және жан-жақты талқылаудан өтіп, заңгерлер қоғамдастығы үшін, жалпы құқықтық мемлекеттігіміздің одан әрі дамуы үшін маңызды болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда мемлекет пен азамат арасындағы даулар жалпы соттарында, сондай-ақ экономикалық және азаматтық соттарда қаралуда. Олардың барлығы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап әкімшілік соттардың соттылығына өтуі көзделген. Мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары, ал мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібі осы Кодекспен реттелетін қатынастар болып табылады. Кодекстің ең бастапқы мағынасы мемлекеттік органға дау айтып, құқықтарын қорғайтын жеке, заңды тұлғалардың жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарастыру тәртібін айқындау. Әкімшілік рәсімдердің міндеттері: жеке және заңды тұлғалардың жария-құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру; жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу; тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету; жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады. Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақытылы шешу болып табылады. Бұл жерде әділдік қағидатына сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам және сот әкімшілік істі қарау кезінде объективтілік пен бейтараптықты сақтай отырып, әкімшілік іске қатысушылардың әрқайсысына олардың әкімшілік істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге құқықтарын іске асыруына тең мүмкіндік пен жағдайды қамтамасыз етуге міндетті. Жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бұл жеке және заңды тұлғаның өзінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты мемлекеттік (басқарумен) органмен, лауазымды тұлғамен қабылданған шешіммен келіспей, сотқа араларындағы жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау және қалпына келтіру мақсатында талап қою танылады. Талап қоюшы қандай талаптарды қоятынына байланысты Кодексте талап қоюдың төрт түрі көзделген: дау айту туралы, мәжбірлеу туралы, әрекет жасау туралы және тану туралы. Мысалы: Егер адам өз құқықтарын шектейтін әкімшілік актіні толығымен немесе қандай да бір бөлігінде жоюды талап етсе, онда ол дау туралы талап қоя алады, ол талапты дәлелдеу ауыртпалығын әкімшілік актіні қабылдаған жауапкер көтереді. Мәжбүрлеу туралы талап мемлекеттік органды немесе лауазымды адамды талап қоюшы өзі үшін қолайлы әкімшілік актіні қабылдауға немесе оған ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні қабылдамаудан бас тарту ниеті болған кезде берілуі мүмкін, талапты дәлелдеу ауыртпалығын әкімшілік актіні қабылдаудан бас тарту үшін негіз болған фактілер бөлігінде жауапкер және өзі үшін қолайлы әкімшілік актінің қабылдануы негізделетін фактілер бөлігінде талап қоюшы көтереді. Әрекет жасау туралы талап органға немесе лауазымды адамға белгілі бір әрекеттерді жасау немесе олардан бас тарту талап етілген жағдайда қажет. Бұл талап әкімшілік актіні қабылдауға қатысты емес. Әрекет жасау туралы талап қою бойынша талапты дәлелдеу ауыртпалығын сұратылып отырған әрекет жасаудан (әрекетсіздік танытудан) бас тарту үшін негіз болып табылған фактілер бөлігінде жауапкер және өзі үшін қолайлы фактілер бөлігінде талап қоюшы көтереді. Тану туралы талап бойынша талапкер қандай да бір құқықтық қатынастардың болуын немесе болмауын тануды талап ете алады. Егер талап қоюдың барлық басқа түрлері оның мәселесін шешуге жарамсыз болса, ол беріледі. Тану туралы талап қою бойынша дәлелдеу ауыртпалығын қандай да бір құқықтық қатынастың болуын немесе болмауын растайтын фактілер бөлігінде талап қоюшы және бұдан былай заңды күші жоқ ауыртпалық түсіретін әкімшілік актінің, сондай-ақ қандай да бір жасалған әрекеттің (әрекетсіздіктің) құқыққа сыйымдылығын негіздейтін фактілер бөлігінде жауапкер көтереді. Жалпы атқарушы органдардың қызметіне сот бақылауы құқықтық мемлекеттің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Бұл қызметтің ерекшелігі, ол биліктің екі тәуелсіз тармағының өзара қарым-қатынасының ерекшелігіне байланысты белгілі бір нысандарда жүзеге асырылады: атқарушы және сот, және оның мақсаты, бір жағынан, жеке, заңды тұлғаларды және басқа ұйымдарды мемлекеттік басқару органдарының билікті теріс пайдаланудан қорғау, екінші жағынан, азаматтардың заңды тұлғалардың, ұйымдардың және тұтастай қоғамның мүдделері үшін мемлекеттік органдардың қызметін жақсарту. Сонымен қатар Кодексте әкімшілік сот ісін жүргізудің жаңа қағидаттары белгіленген, олар әкімшілік сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімі, формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу, құқықтар басымдығының қағидаты. Сонымен бірге әкімшілік сот ісін жүргізудің басты қағидаты, ол соттың белсенді рөлі болып табылады. Яғни сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді. Судья әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы. Сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды. Жалпы әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттарын бұзу оның сипатына және елеулі болуына қарай әкімшілік актілерді, әкімшілік әрекеттерді (әрекетсіздікті) заңсыз деп тануға, сондай-ақ шығарылған сот актілерінің күшін жоюға алып келетінін ескеру қажет.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |