Осы редакция 2023 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен нұсқаулық жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 8-қосымша
Шошқаларды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (2016.27.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Шошқаларды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп шошқаларды бонитирлеуді (бағалауды) нақтылай түседі. 2. Шошқаларды бағалау бонитермен (сыныптаушымен) жүргізіледі.
2. Шошқаларды бағалаудың ұйымдастыру
3. Шошқаларды бірдейлендіру жыл сайын өткізіледі. Малдардың дене бітімі, өсуі және өнімділігін бағалау туралы деректер жыл бойы жинақталады. 4. Қабандар, ана шошқалар және табынды толықтыратын торайлардың дене құрылысын бағалау шілде-қазан айларында өткізіледі. 5. Шошқаларды бірдейлендіру туралы есеп 01 қаңтардағы жағдай бойынша есеп беріледі. 6. Шкаланы құру кезінде барлық асыл тұқымдар өнімділік деңгейі мен бағытына байланысты үш топқа бөлінеді: бірінші - ірі ақ, украиндық ақ дала, ұзынқұлақты ақ, латыштық ақ, литвалық ақ, сібірлік ақ, ливендік, кемеровтық, солтүстік-қазақстандық, муромдық, брейтовтық, қысқа құлақты ақ тұқымды және цивилдік, сібірлік қара-ала, белорустық қара-ала тұқымды шошқа топтары; екінші - ландрас, эстондық, бекондық, дюрок, уржумдік, уэль шошқасы; үшінші - миргородтық, украиндық қызыл дала, ірі қара, беркшир, семиречен, ақсайлық қара-ала шошқалар тобы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|