Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 маусымдағы № 401 қаулысымен Мақұлданған
Жоба
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ауыр машина жасау саласын дамытудағы ынтымақтастығы туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кәсіпорындары мен салаларының өндірістік кооперациясын дамытудың жалпы жағдайлары мен қолдау тетіктері туралы келісімнің ережелерін негізге ала отырып, 2020 жылғы 18 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын одан әрі дамыту тұжырымдамасының ережелеріне сүйене отырып, 2012 жылғы 30 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық және Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесін құру туралы келісімнің ережелерін өрбіте отырып, осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің ауыр машина жасау салаларын дамыту және ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарының өзара тиімді ынтымақтастығы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, қазіргі заманғы ғылымды қажетсінетін технологиялар мен инновацияларды енгізу негізінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындарының ауыр машина жасау салаларын дамытудағы өзара тиімді іс-қимылын ынталандыру мақсатында ішкі нарықты қамтамасыз етудің және осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің ауыр машина жасау салаларының өнімдерін үшінші елдердің нарықтарына өзара тиімді ілгерілетудің маңыздылығын назарға ала отырып, осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің халықаралық міндеттемелері мен заңнамасын басшылыққа ала отырып, осы Келісімді бірізді іске асыруға ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай терминдер қолданылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|