Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/539 қаулысына 4-қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 4/438 Қаулысымен күші жойылды
Алматы қаласы әкімдігінің 2016.31.08. № 3/420 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.04.12. № 4/499 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 2/203 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2019.09.08. берілген өзгерістермен)
Алматы қаласы әкімдігінің 2019.09.08. № 3/485 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде «Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру, ол мыналарды қамтиды: 1) жұмысқа орналасуға жолдама; 2) жастар практикасына жолдама; 3) әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама; 4) әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама не Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|