Найти
<< Назад
Далее >>
Два документа рядом (откл)
Сохранить(документ)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Павлодар облыстық әкімдігінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 106/2 Қаулысы

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме!
Получить полный доступ к документу
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 106/2 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін.

2. Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 шілдедегі «Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» № 276/8 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3599 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қыркүйекте «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 шілдедегі «Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» № 276/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 144/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6358 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. «Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Р. Ораловқа жүктелсін.