Осы редакция 2016 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысымен бекітілген
Банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары
1. Осы Банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес әзірленді және банктердің кредиттері бойынша микроқаржы ұйымдарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде кепілдік беру тетігі мен шарттарын айқындайды. 2. Ішінара кепілдік беру жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау құралы болып табылады және кәсіпкерлердің кредит ресурстарына қол жеткізуін кеңейту және қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. 3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) кәсіпкер - өз жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкер; 2) кепілдік беру - микроқаржы ұйымын мемлекеттік қолдаудың Бағдарламада, осы Қағидаларда және кепілдік шартында айқындалған талаптармен микроқаржы ұйымының кредит бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуі ретінде кепілдік беру түрінде пайдаланылатын нысаны; 3) кепілдік шарты - кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша микрокредит беру жөніндегі уәкілетті орган, банк пен микроқаржы ұйымының арасында жасалған кепілдік беру туралы жазбаша келісім; 4) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|