Шымкент қаласында бесінші ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ: 1. Шымкент қаласында бесінші аудан құрылсын. 2. Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және бесінші аудандарының шекаралары осы бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін. 3. Осы бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 7 шілдедегі № 1234 мен Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 7 шілдедегі № 18/164-VII бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша
1. Шымкент қаласы Абай ауданының шекарасы
Абай ауданы Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Абай ауданының шығыс бөлігі Қаратау ауданымен шектеседі. Оңтүстік-батыс бөлігі бесінші ауданмен шектеседі. Шекара Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігінен басталып, қаланың солтүстік шекарасымен магистральдық жолдан бастап Түркістан қаласы бағытында, ұзақтығы 10600 метр, Бәйдібек би даңғылының қиылысына (Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылына бағыт) дейін жетеді. Одан әрі Бәйдібек би даңғылымен оңтүстік бағытта, ұзақтығы 10600 метр, «Бозарық-3», «Бозарық», «Тұран», «Шымкент Сити», «Қайтпас-1», «Нұрсәт» шағын аудандарының бойымен бұрылып, Ұ.Арғынбеков көшесінің қиылысына дейін жетеді. Одан әрі Ұ.Арғынбеков көшесімен батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1440 метр, Қ.Қазиев көшесінің қиылысына дейін жетеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|