Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 30 наурыз 2015 жылғы № 50 бұйрығымен бекітілген «Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі» Нұсқаулығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды одан әрі жетілдіру мақсатында, 21 желтоқсан 1995 жылғы Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-тармағын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 30 наурыз 2015 жылғы № 50 «Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықтың 4-тарауын 4.6-тармақшасымен толықтырып, келесі мәтінде жазылсын: «4.6. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу заңдылығын қадағалау 126-1. Жасырын тергеу әрекеттерінің (бұдан әрі - ЖТӘ) заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезінде азаматтардың жеке өмірге, жеке және отбасылық құпияға қол сұғылмаушылық, ар-намысы мен абыройын қорғау, жеке салымдар мен жинақтар, хат алмасу, телефон әңгімелері, пошта, телеграф және өзге де хабарламалар құпиясы, тұрғын үйге қол сұғылмаушылық құқығын қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. 126-2. ҚПК-тің 234-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ҚПК-тің 231-бабының 1) - 6) - тармақтарында көзделген ЖТӘ-ін жүргізуге санкцияны сотқа дейінгі тергеу жүргізуші органның қаулысы негізінде Бас Прокурор және оның орынбасарлары, облыс прокурорлары береді. 126-3. ЖТӘ-нің заңдылығына қадағалауды: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|