Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі орталық аппаратының, ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің құрылымын бекіту туралы (2015.16.03. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық Заңының 24-бабы 6-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығын, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысын, «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 973 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі орталық аппаратының және ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің құрылымы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары бір ай мерзімде осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|