Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 46 бұйрыққа 7-қосымша
Кәсіптік стандарт: «Гастроэнтерология (ересектер, балалар)»
1-ші тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы: Кәсіптік стандарт кадрларды аттестаттауды, сертификаттауды бағалау және біліктіліктілігін, дайындығын және мамандануын растау үшін негіз ретінде қолданылады және пайдаланушылардың кең ауқымы қолдануға арналған: 1) қызметкерлердің - сала бойынша мамандыққа қойылатын талаптарды түсінуі, өз біліктілігін арттыруды және мансаптық ілгерілеуді жоспарлауы үшін; 2) жұмыс берушілердің - қызметкерлерге қойылатын талаптарды, нұсқаулықтарды, міндеттерді әзірлеуі, қызметкерлерді жалдау және аттестаттау кезінде критерийлер құруы, сондай-ақ кадрлардың біліктілігін арттыру, дамыту, жоғарылату және ротациялау бағдарламаларын жасауы үшін; 3) сертификаттау және біліктілік беру бойынша қызмет жасайтын ұйымдардың (органдар) - персоналды сертификаттау кезінде бағалау материалдарын әзірлеуі және қызметкерлердің сәйкестік деңгейі бойынша біліктілік критерийлерін әзірлеуі үшін; 4) мемлекеттік органдардың - еңбек нарығын мониторингілеу және болжау үшін критерийлер ретінде кәсіптік стандартты пайдалануы үшін. 2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады: 1) Бейінді маман - жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері; 2) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 3) Клиникалық хаттама - пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|