2022-2023 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13-баптарына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. 2022-2023 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Катонқарағай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 19/248-VІІ шешіміне қосымша
2022-2023 жылдарға Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар
2022-2023 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11064 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|