Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 52-бабының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН 1. Мыналар бекітілсін: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшаға сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы тексеру нәтижелері туралы актінің нысаны; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшаға сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысаны. 2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 9 маусымдағы № 114-НҚ бұйрыққа 1-қосымша
Нысан
№_____Тексеру нәтижелері туралы акті
Бақылау және қадағалау органының атауы________________________________ 1. Тексеру жүргізуге негіз болған тексеру тағайындау туралы актінің номері мен күні_________________________________________________________________ 2. Тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) ____________________ Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|