«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде: 76), 77), 79), 81), 82), 83), 85), 87), 89), 90), 92) және 94) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «76) топологияларды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, автор куәліктерін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 77) топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқық табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; «79) селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; «81) тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау; 82) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, тауар белгілеріне арналған өтінімдерді қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 83) топологияларды тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; «85) авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру;»; «87) патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу және оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|