«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде: 45) тармақша алып тасталсын; 78) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «78) уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» және «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; 108) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «108) дамуға ресми көмек іс-шараларының жоспарын әзірлеу және бекіту;»; 119) және 120) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «119) мыналарды: шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерін, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелерін тіркеуді; Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің жұмыскерлерін аккредиттеуді жүзеге асыру; 120) мыналарды: шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерін, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелерін тіркеу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|