|
Қылмыстық істерді кассациялық тәртіппен қарауды регламенттейтін заңнаманы қолдану туралы
Заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау тәртібін регламенттейтін қолданыстағы заңнаманы біркелкі және дұрыс қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсініктемелер беруге қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі - Конституция) 76-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес заңды күшіне енген сот үкімдері мен өзге де қаулыларының республика аумағында міндетті күші болады және Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 472-бабы бірінші бөлігіне сәйкес бұлжытпай орындалуға жатады. Осыған байланысты қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау ҚПК-нің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуға және олардың орындалуына кедергі келтірмеуге тиіс. Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот (бұдан әрі - кассациялық сот) қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі - Бас Прокурор), оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының наразылығы, ҚПК-нің 446-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда енгізілген облыстық не оған теңестірілген сот төрағасының ұсынуы не ҚПК-нің 486-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың кассациялық шағымдары бойынша қайта қарайды. 2. ҚПК-нің 485-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген қылмыстық және (немесе) қылмыстық-процестік заңдар дұрыс қолданылмаған жағдайлар заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болып табылады. Негіздердің тізбесі толық болып табылады және кеңінен түсіндіруге жатпайды. ҚПК-нің 484-бабы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында санамаланған заңды күшіне енген сот актілері кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|