Павлодар облысы бойынша 2022 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кейбір мәселелері туралы (2022.20.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 11-бабы 2-тармағының 4), 7) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 108 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы бойынша 2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері; 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері; 3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін. 2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оның Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.О. Өтешовке жүктелсiн. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|