Қызылорда облысы бойынша 2024 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға субсидия нормативін, сондай-ақ субсидия алу өлшемшарттарын, өтінім нысанын және өтінім беру мерзімін бекіту туралы
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Бекітілсін: 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2024 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға субсидия нормативі, сондай-ақ субсидия алу өлшемшарттары және өтінім беру мерзімі; 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2024 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға субсидия алу өтінім нысаны. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 190 қаулысына 1-қосымша
Қызылорда облысы бойынша 2024 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға субсидия нормативі, сондай-ақ субсидия алу өлшемшарттары және өтінім беру мерзімі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|