Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібін айқындау туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 3/439 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 77-бабының 4-тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібі айқындалсын. 2. «Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Сембековке жүктелсін. 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 2/301 қаулысына қосымша
Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларының есепке қою және есептен алу тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Алматы қаласынның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 77-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген. 2. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен алуды «Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) жүзеге асырады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|