Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 608-НҚ бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 266-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдарың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету әдістемесінің 39-тармағына сәйкес БҰЙРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесі бекітілсін. 2. Мына: 1) «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бойынша көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру) әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 28/1 бұйрығының; 2) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 509-НҚ бұйрығының күші жойылсын. 3. Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрықты бекітілген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппараты басшысына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|