Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік салық әкімшілігі арасындағы салық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум (Астана қ., 2017 жылғы 8 маусымда)
2017 жылғы 8 маусымда күшіне енді
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік салық әкімшілігі (бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын), 1988 жылғы 25 қаңтардағы 2010 жылғы Хаттамамен толықтырылған Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияның (бұдан әрі «Конвенция») ережелеріне сәйкес, 2001 жылғы 12 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге (бұдан әрі «Келісім») сәйкес, халықаралық ынтымақтастықтың және Тараптар мемлекеттерінің салық заңнамасын сақтау мәселелер бойынша өзара көмектің маңыздылығын негізге ала отырып, осы мақсаттарда бір-біріне анағұрлым кең ауқымда жәрдем көрсетуге тілек білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы салық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум (бұдан әрі «Меморандум»), басқа екіжақты және көпжақты құжаттармен қатар Тараптар үшін салықтық әкімшілендіру саласындағы ынтымақтастықты кенейту құралы болып табылады.
Осы Меморандумды іске асыру үшін Тараптардың: Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті; Қытай тарапынан - Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік салық әкімшілігі уәкілетті органдар болып табылады. Тараптар уәкілетті органдарын өзгерткен жағдайда, дипломатиялық арналар бойынша дереу бір-біріне хабарлайды.
Тараптар тәжірибе алмасуға, сындарлы және оң рухында тікелей байланыс тетігін жасауға, Тараптардың құзыретін арттыру мақсатында бір-біріне өзара қолдау көрсетуді мынадай жолмен келісті: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|