«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 255 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сату және сатып алу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 255 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7925 тіркелген, 2012 жылғы 24 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 696-701 (27773) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сату және сатып алу қағидаларында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|